1992 жылдың 4 маусымында Тәуелсіз Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері бекітілді. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздердің туған күні ретінде мәңгі қалды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – мемлекеттің - Қазақстан Республикасының Конститутциялық заңында белгіленген айырым белгілері.
2022 жылдың 3 маусымында Бірінші ІТ-лицейдің 4-7 сынып лицей оқушылары үшін ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған жиын өтті. Оқушылар Нұрланова С., Касимова Б., Хван Р. (5 «В» сынып), Жолымбет Д. және Карабыков Д. (6 «Б» сынып) – Қазақстан рәміздерінің құрылу тарихы туралы ақпаратпен сөз сөйледі, Елтаңба және Тудың жеке элементтерінің мәнін ашты. Лицей оқушылары Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақорда» резиденциясында сақталатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондары орналасқан жер екенін білді.