Мамыр мерекесі қарсаңында 5 «А» және 5 «Б» сынып оқушылары Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күнін мерекелеуге арналған өлкетану мұражайында интерактивті рөлдік ойынға қатысты. Бесінші сынып оқушылары нағыз жауынгердің өмірінен бір күн өмір сүрді: лицей оқушылары саперлер, санитарлар және байланысшы рөлінде өнер көрсетті. Мұражай қызметкерлері балаларға майдан даласында болған Ұлы Отан соғысы кезіндегі әскери киімдер мен қару–жарақтарды көрсетті. Лицей оқушылары үшін үшбұрыш түрінде хаттар дайындау бойынша шеберлік сыныбы өткізілді. Бұл қызықты іс-шара бірде-бір бесінші сынып оқушысын бей-жай қалдырмады.