Тәуелсіздік күні қарсаңында екінші корпуста "Достық кілем" атты шығармашылық жұмыстардың жаңа көрмесі ашылды. Жұмысты бесінші сынып оқушылары орындады. Олар өз жұмыстарында қазақ ою-өрнегінің ерекшеліктерін, оның симметриялылығын, түс үйлесімін жеткізуге тырысты. Көрмеде оқушылардың 40-тан астам жұмыстары ұсынылған. Бұл жұмыстардың ішінде киізден және поейткадан жасалған жұмыстар да бар.