Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің он күндігі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің он күндігі аясында 04-14 қазан аралығында сыныптан тыс іс-шаралар өтіп жатыр. Бұл аптада жоспарланған іс-шаралар өз мәресіне жетті. Мақсаты қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, отанға деген сүйіспеншілік, адамгершілікке тәрбиелеу. Бірінші болып аптаны «Қазақшаңыз қалай?» атты викториналық ойынмен 6-сыныптар ашса, бастауыштың 2-сыныбында «Суретті сөзжұмбақ» зияткерлік ойыны, 2-3-сыныптар арасында «Мен сені сүйемін Отаным» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Жоғары буын оқушылары 9-сыныптың қыздары арасында «Он саусағынан өнер тамған» қолөнер сағаты өтсе, 8 «В»-сынып оқушылармен «Білімді мыңды жығар...» атты зияткерлік ойын сағаты өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері сыныптан тыс іс-шараларына өте жоғары дайындықпен келді.
Просмотров: 252
Комментарии