«Петропавл қаласының №1 жалпы білім беретін IT-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Петропавл қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Петропавл қаласының №1 жалпы білім беретін IT-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Жамбыл көшесі, 196, индексі 150000 (заңды мекенжайы: Абай көшесі, 100, индексі 150010) мекенжайы бойынша, тел. 8-715-2-46-70-46, электрондық поштасы fitlyceum@sqo.gov.kz бойынша педагогтардың бос және уақытша бос лауазымдарын атқаруға арналған конкурс өткізу туралы хабарлайды:
Еңбекақы төлеу еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Лауазымдық жалақы жұмыс өтіліне және біліктілік санатына байланысты санаттар бойынша лауазымдық жалақыларды есептеу коэффициентіне сәйкес белгіленеді, үстемеақыларды есептемегенде:
Конкурсқа қатысуға үміткер білім беру мемлекеттік ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтарын лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы) 113-тармағына сәйкес құжаттарды https://hr.nobd.edu.kz платформасында Комиссияның қарауына ұсынуы тиіс.
Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланған күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс (30.07-10.08.2026).
Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде (11-17.08.2026) кандидаттардың құжаттарын біліктілік талаптарына сәйкестігіне қарайды. Конкурс қорытындысы бойынша шешімді конкурстық комиссия кандидаттың жинаған балдары негізінде қабылдайды. Ең көп балл жинаған кандидат конкурстың жеңімпазы болып саналады, оған шешім қабылдау үшін 24 (жиырма төрт) сағат беріледі. Егер конкурс жеңімпазы шешім қабылдамаса немесе бас тартса, тағайындау құқығы бағалау бойынша ең жоғары балл жинаған келесі конкурс қатысушысына беріледі.