Семинар
18-қараша күні Бірінші қалалық жалпы білім беретін лицейде "Үштілді білім беру моделін енгізу негізінде қазақ тілін оқытуда жаңа білім сапасына қол жеткізу" атты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қалалық жас мұғалімдер мектебіне арналған семинар өтті. Семинарға 14 жас мұғалім қатысты. Бірінші бөлімде қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ жетекшісі Әбілова Диляра Әбдірқызы лицейдің қазақ тілі мұғалімдері мен жетістіктеріне тоқтаса, мемлекеттік тіл жөніндегі директордың орынбасары Әбілов Мейрам Болатұлы ҚР 2011-2020 жылдарға арналған Тілдерді қолдану мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына тоқтап, «Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!» деген Қадыр Мырза Әлидің әйгілі өлеңінде лингвистикалық капиталдың негіздемесі жатқандығын және өзге тілді білсең — өрге шығасың, Өз тіліңді білсең, төрге шығасың. Орыс тілі әр елге, ағылшын тілі әлемге есік ашатындығын. Олай болса, үш тілді оқыту – заман талабы.Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі екендігі туралы баяндады.
Семинардың практикалық бөлімінде Әблемова Ш.Б. 8 «Б» сыныбында "Сауықтыру орындары", Әбілова Д.Ә. 6 «В» сыныбында "Туған күн" атты ашық сабақ, Әбілов М.Б. мұғалімдермен «Мінсіз мұғалім болу мүмкін бе?» атты коучинг өткізді. Аталған жұмыстар жас мұғалімдердің көңілдерінен шықты.
Просмотров: 861
Комментарии